«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды

46
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2020 жылдың 1 желтоқсанында сағат 01.34-те Сырдария ауданы, «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 108 шақырымында «Бектас-Қоныс» кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада 1450 шаршы метр аумақта өрт оқиғасы тіркелді. Жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 160 шақырым. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді.

Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.

Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша  олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен 19 км қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПОЖМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: