Басты бет Оқиға Қылмыс Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған

Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер астаналық банктердің бірінен алынған ірі көлемдегі ақшаны көліктен ұрлап кетті. Оқиға сейсенбі, 3 наурызда Абай даңғылы мен Ғабдуллин көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Сағат 10.30 шамасында бір досым өзінің депозит шотынан ақша алды. Ол ақшаны мен Министрліктер үйінің маңынан алып кеттім. Жол бойы бірнеше жерге соқтым. Абай даңғылында аялдап, төрт минутқа асханаға кіріп шықтым. Қайтып келіп, жолаушы есігінің әйнегі сынғанын көрдім. Салондағы 13 миллион 500 мың теңге салынған барсетка жоғалды», — дейді жәбірленуші.

Содан ер адам кетіп бара жатқан автокөліктің соңынан қуады.

«Қаскүнемдер Ресей нөмірін таққан Lada Priora көлігімен менен қашып кетті», — деп атап өтті жәбірленуші.

Ол бұл көлікті ақшаны алған кезде көргенін айтады. Ер адам өзін аңдып жүріп, көлікте ешкім болмайтын сәтті күтіп,  ұрлық жасағанына сенімді.

Ер адам полицияға шағым түсірді. Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 177-бабының төртінші бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін түсіндірді.

«Күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады полиция.

Егер күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...