Бес баласының бірін сатпақ болған шымкенттік әйелге сот үкімі шықты

Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте бір жасар баласын сатып жатқан кезде ұсталған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1993 жылы туылған әйел биылғы қаңтар айында қылмыс үстінде ұсталған болатын. Кейіннен, жүргізілген алдын ала тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, өзінің өкінішін білдірген.

Үй қамауына алынған әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша жиналған құжаттар айыптау қорытындысымен 20 наурызда сотқа жіберілді.

«Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 27 жастағы әйелді Қылмыстық кодекстің 135-бабы, 2-бөлігі, 12-тармағымен (кәмелетке толмағандарды сату) кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, полицейлер әйелдің бес баласы барын және оның бірнеше жыл бұрын ажырасқанын анықтаған. Еш жерде жұмыс істемеген ол ақша болмағандықтан, баланы сатуға шешім қабылдапты. Ал туыстары оның мұндай ниетінен мүлдем хабарсыз болған.

Қазіргі уақытта балалар әкесінің қолына тапсырылды.

Оқи отырыңыз: