Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылады, деп хабарлайды zakon.kz.
«Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымды тұлғаларымен жасалынатын ауыр және аса ауыр жүйелік сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және оларды болдырмау мақсатында Агенттіктің құрылымында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа жедел бөлім – орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылады. Бөлім біздің ішкі резерв және орта буынды лауазымдарды қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.
Оқи отырыңыз:
- ШҚО: Көкталда белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр (видео)
- Студенттер диплом жұмыстарын қалай қорғайды?
- Елорда тұрғыны полицейді теуіп, әскери қызметшінің құлағын тістеп алды (видео)
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз