Басты бет Қоғам Білім Білім министрі 4 оқулықтан қате тапты

Білім министрі 4 оқулықтан қате тапты

Фото: qazaquni.kz

БҒМ Асхат Аймағамбетов оқулықтарды өзі тексеріп, ағылшын, әдебиет, география және физика оқулықтарынан қателер кездестірді, деп хабарлайды MediaWorld.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде оқулықтар сапасы және мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өтті. Оған Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, баспа басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес барысында министр оқулықтарды сараптау рәсімін және республикалық ғылыми-практикалық «Оқулық» орталығының жұмысын сынға алды.

«Жыл сайын оқулықтардың сапасы туралы айтылып келеді. Оқулықтардың сапасына байланысты халықтың наразылықтары көп. Біз бұл наразылықтармен келісуіміз керек. Шынында да, қателер мен мәселелер бар. Біреу оларды қате деп есептейді, енді біреуі техникалық қателік деп атайды, бірақ,  қоғамды бұл қызықтырмайды.  Біз оқулықтарды дайындайдамыз және жұмыстың сапасы мен тиімділігіне мән беруіміз керек» — деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Бүгінде оқулықтарды басып шығару жұмыстары аяқталып, оқулықтардың 40%-ы өңірлерге жеткізілді.

Асхат Аймағамбетов оқулықтарды өзі тексеріп, ағылшын, әдебиет, география және физика оқулықтарынан қателер кездестірді.

Министр оқулық авторларының жұмысын сынға алды: «Өте қарапайым, оңай қателер. Жауабы шешімге сәйкес келмейтін тапсырмалар бар. Аудармада көптеген қате бар. Мұндай қате мүлдем жіберілмеуі керек. Біздің балалар мұндай оқулықтардан білім алуы керек. Жыл сайын осы қателер кездеседі. Бұл қашанға дейін қайталанады?».

Министр оқулықтардың сапасын жақсартудың 10 қадамын ұсынды:

  1. Мұғалімдерді іріктеп, арнайы курстар өткізу және оларды оқығандығы жайлы куәландыру. Қатысушылардың тұрақты базасын қалыптастыру. Сарапшылар мен пәндік комиссиялардың құрамына енетін сарапшыларды мәліметтер базасынан жасырын әдіспен таңдап алу;
  2. Оқулықтар авторларын курстан өткізу;
  3. Сараптама жүргізу процесін жақсарту. Сарапшылар тұрақты түрде оқулықпен жұмыс істей алатын арнайы платформа ашу;
  4. Электронды платформа арқылы баспаларға айтылған ескертулердің нәтижесін бақылау. Әр ескертуге нақты жауап болуы тиіс;

5. Оқулықтардың рецензиясымен жасырын жұмыс істейді. Оқулықтарды сараптау кезінде сарапшылар оқулықтың авторы кім екенін білмейді және осылайша құрастырушы тарапынан көрсетілетін қысымнан босатылады;

6. Оқулықтарда қате жіберілген жағдайда, баспа өз қаражатына оқулықтарды алмастырады;

7. Баспа қателерді жөндемеген жағдайда белгілі бір санкциялар қолданылады;

8. Министрлік оқулықтардың өз бағасына жасалатын талдауды бақылауда ұстайды;

9. Оқулықтардың көлемін кішірейтіу;

10. Белгілі бір оқулықтардағы қате бағдарламаларды жөндеу.

1 қыркүйектен бастап министрліктің сайтында EPUB форматындағы 1-10 сыныптарға арналған оқулықтардың электронды нұсқалары орналастырылады. Бұл білім алушыларға электронды құрылғылар арқылы оқулықтарды қолдануға және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...