Басты бет Қоғам Білім Білім министрі қашықтықтан оқытудың артықшылығын атады

Білім министрі қашықтықтан оқытудың артықшылығын атады

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдер қашықтықтан оқытудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін байқағанын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.  

«Әр аптаның сенбісі сайын әртүрлі мұғаліммен онлайн кездесу өткіземін. Біз осы мәселелерді талқылаймыз. Ұстаздар үлгерім туралы айтады. Жақсы оқыған балалар нашар оқып кетпеген. Олар қазір де ынтамен оқып жатыр, сапаға әсер етпеген», — деді Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол мінезі тұйық және мектепте өзін жан-жақты көрсете алмайтын балалар «қашықтықтан оқыту» кезінде жетістікке жетіп жатқанын атап өтті.

«Қазір біздің көптеген әріптесіміз бұл балалардың айтарлықтай ашылғанын байқап отыр. Осы форматта бала ашыла бастап, өз ойын еркін жеткізіп жатқанын көріп отырмыз», — деп толықтырды министр.

Ол қашықтықтан оқыту кезінде дәстүрлі оқыту формасы кезіндегідей білімді сапалы түрде беру мүмкін емес екенін баса айтты.

«Сондықтан біз үшін дәстүрлі күндізгі оқыту форматы қолайлы екенін айтып жүрміз», — деді Аймағамбетов.

Биыл қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанда 16 наурыздан 11 мамырға дейін төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қашықтықтан оқытуға көшті.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...