Басты бет Қоғам Білім Білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу аяқталды

Білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу аяқталды

Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Вице-министр өзінің жемқорлыққа қатысы жоқ екенін тергеу анықтағанын және керісінше оған мұндай айып таққан Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекованың сөзін жала жабу деп атап өтті.

«Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында мені және менің әріптестерімді сыбайлас жемқорлық пен лауазымдық жағдайды теріс пайдаланды деген айыптаулармен ақпараттар пайда болды.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 52-бабына сәйкес — Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.

Қазіргі уақытта менің атыма айып тағу жөніндегі іс бойынша тексеру жұмыстары аяқталды (құжатты қоса жариялап отырмын). Сәйкесінше, А.Қайырбекованың менің атыма жала жабуы — негізсіз.

Ал, енді барлық жәйтті рет-ретімен айтып берсем. Мен 2018 жылдың 7 маусымында білім және ғылым министрлігіне жұмысқа тұрдым. Сол кездегі бірінші кезектегі негізгі міндетім — Ұлттық білім беру деректер базасының (НОБД) жұмыс істеуі және жабдықтар мен бюджет қаражатын тиімді пайдалану төңірегінде қалыптасқан мәселелерді шешу болды.

Біз туындаған кемшіліктерді жою және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін Ұлттық білім беру деректер базасының (НОБД) сынағынан қаншалықты тез, тиімді әрі шығынсыз өту мүмкіндігі бойынша талдау жүргіздік. Өйткені, мәлімделген 89 млн.теңге екі есеге қысқартылған болатын. Бұл өте маңызды шара, өйткені Ұлттық білім беру деректер базасында (НОБД) еліміздегі барлық балалар туралы дербес деректер сақталған. Және сыртқа шығып кету қаупі өте жоғары болды.

Сонымен, бұл бағытағы жұмыстар әзірленіп, 2018 жылдың қыркүйек айында Әкімшілік жұмыс және Мемлекеттік сатып алу департаментіне берілді. Алайда, департамент жаңа талаптарды ұсына отырып, рәсімді тұрақты түрде соза берді (хронология мен сұрау салулар бойынша ақпарат Ұлттық бюро мен КВГА-ға ұсынылды). Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу мен ЭҚАБЖ (ЭСЭДО) электрондық жүйесіне қарамастан, құжаттардың қағаз нұсқаларын талап етті. Нәтижесінде келісім шартқа қол қою туралы шешім қабылданған соңғы күні ол (А.Кайырбекова) мемлекеттік сатып алу ережелерінде көзделмеген жаңа талап – заң бөлімінің қорытындысын сұратты. Алайда, барлық рәсімдер мен жұмыстарға қойылатын талаптар заң бөлімінде бұрын-соңды мақұлданғандығын айта кеткен жөн.

Дегенмен, мұндай кедергіге қарамастан («үрдісті әдейі созу») жоспарланған жұмыс заңнама бұзылмай іске қосылды. Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД) ақыр соңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымындағы ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша жүргізілген сынақтан сәтті өтті (28.12.2018 ж.). Бұл үрдіске қатысты сертификаттар мен фотосуреттерді жауапты хатшы журналистерге ұсынған болатын.

Алайда әріптесіміз — Министрлік қызметкерін (А.Қайырбекова) бұл нәтиже қанағаттандырмай, ол 4 рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро мен Қаржы Министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетіне шағым жазды. Қаңтар айында «әріптесіміздің» кезекті өтініші бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті. Тексеру барысында барлық қажетті материалдар ұсынылып, жан-жақты көмек көрсетілді. Жарты жылдың көлемінде Ұлттық бюро тарапынан толықтай тергеу жүргізіліп, тәуелсіз сарапшылар да тартылды. Тексеру жұмыстары толыққанды жүргізілді, яғни шарт жасасу рәсімінің сақталуынан бастап жұмыс нәтижелеріне дейін тексерілді.

Әрине, осы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған цифрландыру науқаны және білім беру жүйесіне ашықтықты енгізу бойынша жұмыстарымыз тоқтап, министрліктің қызметкерлері мен ІТ тобының барлық мүшелері негізгі жұмыстан шеттетілді. Өйткені тексеруге қатысты материалдарды жинау, құжаттардың көшірмелерін жасау, түсініктемелер жазу және тағы басқа қосымша жұмыстарға ойымыз бөлініп, уақытымыз тиімсіз жұмсалып жатты. Жалпы, қызметкерлеріміз осы уақыт аралығында психологиялық тұрғыда «соққыға» ұшырады.

Сондай-ақ, осы ақпараттық шабуылға байланысты жұмыс үрдісіне ғана емес, менің де қадір-қасиетім мен іскерлік беделіме нұқсан келтірілді.

Мүмкін, кейбір тұлғалар үшін автоматтандыру үрдісі, яғни білім беру жүйесіндегі ашықтық аса тиімді емес болуы мүмкін.

Жекелеген қайсыбір БАҚ өкілдері болмаса, мәселенің анық-қанығын біліп алмай, «медиа бопсалауды » жариялауға барлығы бірдей асықпағандығын ерекше атап өткім келеді.

Осы ретте, туған-туыс, дос-жарандарым мен әріптестеріме көрсеткен қолдаулары үшін ризашылығымды білдіремін. Білім және ғылым министрлігінде жақсы және адал қызметкерлер жеткілікті екендігіне сенімдімін», — деп жазды Рүстем Биғари.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...