Биометрия: жүргізуші куәлігін сатып алу қиындайды

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Қазақстанда жүргізуші куәлігін сатып алу жағдайлары анықталғаннан кейін емтихан тапсыруға бақылау күшейтіліп, енді теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялық жүйе енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихан процесін барынша ашық етуді көздейміз. Қазір Нұр-Сұлтанда теорияны тапсыру кезінде бөгде адамдардың қатысуын толығымен болдырмайтын арнайы биометрия жүйесі енгізілді. Келесі жылы ол барлық өңірде болады деп жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ елорда автодромындағы жабдықты жаңарттық. Бұрын ескірген магнитті датчиктер үнемі істен шығатын, өйткені емтихан тапсырушылар белгілерді қағып, жиектастарға көлікті соғатын. Сондықтан жөндеу жұмыстарына байланысты автодром ара-тұра жұмыс істемей тұратын. Енді мұндай проблема болмайды», – деп сендіреді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Еегер бұрын «теорияны» тапсыру кезінде емтихан тапсырушы тек жеке куәлігін көрсетсе, енді арнайы биометриялық жүйе оның құжаттағы бейнесі мен бет-әлпетін сәйкестендірмек. Сонымен қатар әр теориялық емтихан тапсырылатын компьютер жанына бейнекамера орнатылған.

Фото: Ulysmedia.kz

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз