Басты бет Қоғам Шоу-бизнес "Бір адамның "тапсырысы": Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді

«Бір адамның «тапсырысы»: Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді

Композитор және продюсер Игорь Крутой Димаш Құдайбергенмен жұмысын тоқтатқаны туралы қауесетке түсініктеме берді. Ресей композиторы фейктерді тарату әлдекімдерге тиімді екенін атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Саржағал» баспасөзді оқымаңыздар. Оның үстіне бұл бір адамның «тапсырысы», — деп жазды Крутой.

Ол Димашпен бірге бірқатар концертке дайындалып жатқанын айтты: 8 наурызда Ресей астанасында Валентин Юдашкиннің кутюрье шоуы өтеді, ал 9 наурызда Димаш Мәскеуде жеке концертін береді.

«18 сәуірде Алматыда өтетін бірлескен концертке және тамыздың соңында Қазанда өтетін «Новая волнаға» дайындалып жатырмыз», — деп хабарлады Крутой.

Фото: Іnstagram/igorkrutoy65
Игорь Крутойдың әлеуметтік желідегі түсініктемесінің скриншоты

Пікір білдірген желі қолданушылары Крутойдан «Димаш фонограммамен ән сала ма?» деп сұрады.

«Димаш тек жанды дауыста айтады», — деп жауап берді композитор.

Димаш туралы фейк

Желіде Димаш Ресей атынан Евровидение байқауына қатысуға үміткерлер шорт-парағына кірді деген сыбыс тарады. Бұл ақпаратты «ДимашАли» шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова жоққа шығарды.

«Желіде Димаш Евровидение байқауына қатысады деген кезекті фейк тарады. Яғни, өтініш берді, шорт-параққа кірді және тағы басқа. Мен бұл ақпаратты жоққа шығарамын. Димаш Құдайберген Евровидение байқауына қатыспайды. Қазір ол Ресей мен Еуропада өтетін концерттеріне дайындалып жатыр», — деді Жанғазинова.

Айта кетейік, Димаш Ресей мен Еуропада 11 концерт беруге дайындалып жатыр. Әншінің туры 16 ақпан күні Краснодар қаласынан басталады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...