Фото: pixabay.com

Ақмола облысында теміржол жөндеушілері қасқырлардан әрең қашып құтылған. Бейқам жұмысын істеп жүрген оларға сегіз қасқыр тап беріпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Үш жұмысшы қос рельстің арасын қардан тазартып жатыпты. Олардың бірі омбы қарда бұқпантайлап жортып келе жатқан бірнеше хайуанды байқап қалады. Алғашқыда «ауыл иттері ме?» деп ойлаған. Бірақ азулы аң жақын  беттегенде, түз тағысын айнытпай таныпты. Ол жанұшырып сол жердегі орманға жетіп, ағаш басына шығып үлгереді. Қасқырлар ағаш басындағыларға жетпесін білсе де, торуылдап ұзақ жүріпті. Суыт хабарды естіген Ақкөл станциясынан жеткен көмек тобы теміржолшыларды құтқарып қалды.

Оқи отырыңыз: