Басты бет Қоғам Бір миллион теңге ұтып алуға болады - Қазақстанда байқау жарияланады

Бір миллион теңге ұтып алуға болады — Қазақстанда байқау жарияланады

Еріктілер мен ұйымдар игі істер байқауында бір миллион теңге ұтып ала алады. Бұл туралы азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы Әлия Ғалымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елде «Жаңа бастама» байқауы жарияланады. Ол барлық өңірде өтпек. Онға жуық бастама іріктеліп алынады.

«Волонтерлер мен волонтерлер ұйымына қаржылай қолдау көрсетіледі. Үздік жобаларға бір миллион теңге шамасындағы сома беріледі деп жоспарлап отырмыз. Жұмыс жақын арада басталады», — деді Ғалымова премьер-министрдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, волонтерлер тегін жұмыс істеуі керек деген түсінікті жою керек.

«Егер жануарларға арналған орындар туралы айтар болсақ, оларға тамақ керек. Ал іздеумен айналысатын волонтерлер үшін рация, көлік, арнайы киім сынды заттар қажет», — азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы

Елде «Жылдың үздік еріктісі» премиясы енгізілмек.

Қазақстандағы еріктілер

Елімізде 200-ден астам ұйым волонтерлік қызмет атқарады. Бұл қозғалысқа 50 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың Волонтер жылы деп жариялаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...