Басты бет Саясат Парламент Бір тонна – 1 доллар: Перуашев "АрселорМиттал Теміртаудың" қулығын әшкереледі

Бір тонна – 1 доллар: Перуашев «АрселорМиттал Теміртаудың» қулығын әшкереледі

«Ақ жол» партиясының депутаттары премьер-министр мен прокуратураға сауал жолдап, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, бүгінде ашық ақпарат көздерінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өз табысын қалайша төмендетіп көрсететіні жайында жазылып жүр.

«Барлық экспорт компанияның Дубайдағы кеңсесі арқылы өткен. Металл шикізаты алдымен компанияның Сауд Арабиясындағы өз фирмасына өзіндік баға + 1 долларға сатылған. Содан әлемдік бағамен басқаларға сатылып отырды. Осылайша, Митталдың бір тонна экспорттан тапқан пайдасы «1 доллар» деп көрсетілген. Осының арқасында ол Қазақстандағы салықтарды да бір доллардан төлеп отырған. Ал табыстың басым бөлігі оффшордағы компанияларға түскен, әлі де түсіп келеді», —  деді Перуашев.

Оның сөзіне қарағанда, дәл осы жолмен комбинат жылына жарты миллиард доллар көлемінде табыс табады. Бұл – төмендетілген табыстың көрсеткіші ғана. Ал жасырын пайда одан әлдеқайда көп. Соған қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тапсырыс алатын қазақстандық кәсіпкерлердің ақшасын уақытында бермейді. Енді, олар мәжілістің табалдырығын тоздырып, әділдік іздеп жүр.

«Әлемдегі ірі болат өндіруші компания сан алуан сылтауларды алға тартып, ылғи атқарылған жұмыстардың ақшасын жарты жыл, тіпті, одан да көп уақыт бермей отырады. 2016 жылы оның қарызы 1 миллиард теңге болса, 2017 жылы – 2 миллиард, 2018 жылы 1 миллиардтан асқан, биыл облыс пен қала басшылығы жергілікті кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша «АрселорМиттал Теміртаумен» тағы келіссөздер өткізді», — деп атап көрсетті Перуашев.

Депутаттың сөзіне қарағанда, кәсіпкерлердің көбісі банктен кредит алып, тапсырыстарды орындайды. Ал тендердің ақшасы уақытында төленбесе, айыппұл мен өсімпұл төлеуге мәжбүр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...