Басты бет Қоғам Бір топ адам шу шығарды: астанада болған жағдайдың видеосы желіде тарап кетті...

Бір топ адам шу шығарды: астанада болған жағдайдың видеосы желіде тарап кетті (видео)

Елордада әйелдер Family village тұрғын үй кешеніне бара жатқан қоғамдық көліктің жолына тұрып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде әйелдердің №47 автобустың қозғалысына кедергі жасап тұрған видео тарады.

«Сендерден бұрын кім өтті, ол неге бізді алмады? Енді сен де тұрасың. Оқушыларды түсіріп кетті, сұмдық»,- дейді әйелдердің бірі автобус жүргізушісіне.

Диалогта боғауыз сөз қолданылады. Видео JEXEN NEWS Telegram каналында жарияланған.

«Астана LRT» көлік компаниясы болған оқиғаны түсіндірді.

«13 қараша күні сағат 07:50 шамасында №47 бағытта жүретін автобус бұзылып қалды. Одан кейін келе жатқан осы бағыттағы автобусты адамдар тоқтатып, бұған дейінгі автобустың соңғы аялдамаға неге бармағанын түсіндіруді талап етті», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне компаниядағылар.

№47 автобус жүргізушісіне аялдама қарастырылмаған жерде тоқтап, адамдарды кіргізуге тура келген.

«Жүргізуші боғауыз сөзсіз жауап беруі тиіс болатын. Бұл әрекеті үшін ол көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығына жіберілді. Қайта оқытудан өтеді», — деді компанияның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...