Елдің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Республика бойынша құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік пен солтүстік-батыста дауыл, жауын, бұршақ болады», — деп хабарлады Қазгидромет.
Солтүстік Қазақстан облысында 18 мамыр күні найзағай, дауыл, бұршақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Ақмола облысында дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соққан желдің екіпін — 15-20 м/с. Көкшетауда күн күркіреуі мүмкін.
Қостанай облысында қатты жауын жауады, тұман мен бұршақ болады. Шығыстан соққан жел батыс желіне ауысады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Кешке 17 мамырда және түнде 18 мамырда таулы аймақта, күндіз 18 мамырда Түркістан облысында қатты жауын болады. Дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.
Шымкентте күннің екінші жартысында нөсер жауын, дауыл болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Еске сала кетсек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы су тасқынынан зардап шеккен болатын.
Қызылорда облысында түнде жаңбыр болады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы — 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.
Оқи отырыңыз:
- Қарағандыда полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарды (видео)
- Қазақстан азаматтарының Түркияда емделуіне рұқсат етіледі
- Полиглот, дипломат және президент: Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз