Басты бет Саясат Үкімет Біртанов коронавирусқа тест тапсырды

Біртанов коронавирусқа тест тапсырды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен ведомство қызметкерлері коронавирусқа тест тапсырды. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

30 наурыздан бастап министр Елжан Біртановтың бұйрығымен орталық аппарат қызметкерінің 90%-і қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

«Барлығы үйден жұмыс істеп жатыр. Бізде күн сайын видеоконференциялар өтеді. Ведомство ғимаратында Елжан Біртанов және бірнеше қызметкер жұмыс істейді. Алайда олар бөлек кабинетте отырады. Министрлікте инфекция жұқтыру қаупі төмен», — деп атап өтті Ахметшәріп.

Соған қарамастан министр мен министрлік қызметкерлері коронавирусқа тест тапсырып жатыр.

«Талдау нәтижесін егжей-тегжейлі хабарлаймыз», — деп уәде берді ресми өкіл.

Айта кетейік, бүгін бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Надыров 21 наурызда вице-министр қызметінен босатылып, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. Алайда ол қазір Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Фото: inbusiness.kz

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...