Басты бет Қоғам "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" жеке шоттарда зейнетақы жинақтарының "азаюын" түсіндірді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» жеке шоттарда зейнетақы жинақтарының «азаюын» түсіндірді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшылардың жинақ шотындағы қаражаттың «азаюына» қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Соңғы күндері бізге «Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?» деген сауалдар көп қойылатын болып кетті. Мәселенің басын ашып алайық. Зейнетақы жинақтары – жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы. Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Жарналардың 3 түрі бар:

  • — міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10% );
  • — міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5%, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді);
  • — ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды). ⠀

Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.

Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін. ⠀

Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады. ⠀

Инвестициялау табыстылығын бірнеше күн сияқты аз уақыт емес, бір жыл тәрізді ұзағырақ уақыт үшін қарау керек екенін түсіну маңызды. ⠀

Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр — салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6%-ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12%-ға жуық мөлшерге артық. ⠀

Құрметті салымшылар! «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі!», — деді «БЖЗҚ» АҚ.

View this post on Instagram

Соңғы күндері бізге – «Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?» – деген сауалдар көп қойылатын болып кетті ⠀ Мәселенің басын ашып алайық ⠀ Зейнетақы жинақтары – жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы. ⠀ Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Жарналардың 3 түрі бар: — міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10% ) — міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5%, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді) — ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды) ⠀ Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады. ⠀ Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін. ⠀ Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады. ⠀ Инвестициялау табыстылығын бірнеше күн сияқты аз уақыт емес, бір жыл тәрізді ұзағырақ уақыт үшін қарау керек екенін түсіну маңызды. ⠀ Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр — салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6% -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12% — ға жуық мөлшерге артық. ⠀ Құрметті салымшылар! «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі! ⠀ #БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ИнвестициялықҚұрылым

A post shared by БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ (@enpf.kz) on

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...