Басты бет Қоғам Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында 9,6 мыңнан астам мүгедек адам жұмысқа орналасты

Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында 9,6 мыңнан астам мүгедек адам жұмысқа орналасты

Фото: inbusiness.kz

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда 9,6 мың мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына — 3,9 мың адам, деп хабарлайды MediaWorld.kz.   

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың құрамына 10,8 мың мүмкіндігі шектеулі адамдар енгізілді, бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 3%-ын құрайды (402,8 мың адам).Мемлекеттік бағдарламаның бағыттары бойынша:

— қысқа мерзімді курстармен 1 170 адам қамтылды;

— «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 757 адам қамтылды;

— 179 адам микрокредит алды, оның ішінде 90 адам өз ісін ашты;

— бос жұмыс орындарына – 3 851 адам жұмысқа орналастырылды;

— әлеуметтік жұмыс орындарына – 983 адам жұмысқа орналастырылды;

— жастар практикасына – 440 адам жұмысқа орналастырылды;

— қоғамдық жұмыс орындарына – 4 337 адам жұмысқа орналастырылды.

2019 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 690,6 мың мүгедек немесе халықтың жалпы санының 3,7% – ы, 424,4 мың еңбекке қабілетті жаста (61%), 106 мың адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...