Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы қаңтар-маусым аралығында 5700 оқушыға арналған жалпы білім беретін 13 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сонымен қатар салынған нысандар қатарында 1700 орындық мектепке дейінгі 15 мекеме, 230 орынға арналған 2 аурухана және бір ауысымда 290 адам қабылдайтын 3 амбулаторлық емхана бар.
Салыстырар болсақ, өткен жылғы сәйкес кезеңде 4 310 оқушыға арналған жалпы білім беретін 7 мектеп және 2 480 орындық мектепке дейінгі 16 мекеме пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау объектілері бойынша – 285 орындық 2 аурухана, сондай-ақ ауысымда 165 адам қабылдайтын 4 амбулаторлық емхана бар.