Басты бет Қоғам Шоу-бизнес "Біз де ешкім емеспіз": желіні шулатқан Сейфуллин Жолбарыс не жағдай болғанын айтты

«Біз де ешкім емеспіз»: желіні шулатқан Сейфуллин Жолбарыс не жағдай болғанын айтты

Әнші Сейфуллин Жолбарыс Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында әлеуметтік желіде тараған шулы видеоның қашан түсірілгенін және осы жағдайға байланысты не ойлайтынын айтып берді.

«Бұл жағдай жақында болды. Карантиннің де әсері болған шығар деп ойлаймын. Мен ұрсып жатқан кезде сол жердегі бір кісі түсіріп алып, желіге салып жіберіпті. Сол арқылы тарап кетті. Ол видеоны көрмеген адам қалмаған шығар», — дейді әнші күліп.

Айтуынша, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын жарияламаған.

«Алдымен мен ренжіп қалдым. Ол жерін видеодан алып тастапты. Жүйкем тозғаннан кейін ғана айғайға көштім, — дейді ол.

Алайда екі жақ жанжалға не себеп болғанын айтпауға өзара келіскен.

«Көп адам хабарласып жатыр. Оның ішінде өнердегі аға-апаларым да бар. Бәрі түсініп, өмірде мұндай жағдайлар болатынын айтты. Мен де түсініп тұрмын. Бір нәрсені бүлдірдім деп айта алмаймын. Адамды ренжіткенімді, заңды бұзғанымды білемін және соған заң жүзінде жауап беріп жатырмын», — деді Жолбарыс.

Әншінің айтуынша, іс сотқа жолданған. Алайда соттың шешімі әлі шыққан жоқ.

«Іс сотқа барды. Сот өз шешімін айтады, әкімшілік айыппұл салуы да мүмкін. Себебі ұрып-соққан жоқпын, жай ғана сөз. Біздің заманымызда сөз үшін бір-бірімізді кешірдік деп қоя салатын едік, қазіргі заманда осындай болып кетті. Сол себепті байқап жүріңіздер», — деді Сейфуллин Жолбарыс сұхбат барысында.

Сондай-ақ, әнші өзімен жанжалдасып қалған екінші тараптың өте қарапайым адамдар екенін айтты.

«Сот шешімі шыққан жоқ. Сол себепті ештеңе айта алмаймын. Дүкенші жігіт өзіміз сияқты қарапайым азамат. Мен де қарапайым әншімін, шын мәнінде біз де ешкім емеспіз. Болмайтын нәрсе үшін сөзге келіп қалдық», — деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде әнші Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосы тарады. Ол жерде әнші боғауыз сөздер қолданады. Дүкенші жігітті сыртқа шығып, жігітше сөйлесуге шақырған.

Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады

Фото: instagram.com/s_zholbarys_official/

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды

Шымкентте жұмысшы мен жұмыс беруші арасында туындаған жанжал салдарының нәтижесі пышақ жарақатымен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 15 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де Әл-Фараби ауданы...

Қарбызды қысқа қалай сақтауға болады?

Жаз біте салысымен қарбыз маусымы да аяқталады. Алайда қарбызды жазда ғана емес қысқа сақтап жеуге болады. Ендеше маман кеңесіне жүгініп, қарбызды қысқа дайындайық. Көбінің әлі...

Қытай АҚШ-тың әскери базасын жойып жіберді (ВИДЕО)

ҚХР қарулы күштері Н-6К бомбалаушы ұшақтарымен АҚШ-тың Гуам аралындағы «Андерсен» базасын жойып жіберген бейнероликті жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. Әскери-патриоттық роликте АҚШ әуе шабуылына қарсы күштерінің...

Қазақстан әуе компаниясының президенті Ливияға қару-жарақ тасымалдаған

Ливияға заңсыз қару-жарақ тасымалдауға Қазақстанның екі азаматы қатысты болып шықты. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры Питер Гриффитс айтты,...

«Интернет, такси, маршрут, бензин дегендер тегін болады!»: ғаламторда праймеризден үмітті кандидаттың видеосы пайда болды

Еліміздің әр өңірінде праймериз кандидаттары арасында қызу дебат өтуде. Елімізде бұрын-соңды болмаған саяси науқанға атын ұсынып, болашақ депутат болуды мақсат тұтқандар күтпеген жерден халықтың...

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжіліс депутаттарына президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде есеп береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мәжілісмен...

Ақбота Сейітмағамбет: Әзірге ешқандай қыз ұзатпаймын

Танымал отандық әнші Ақбота Сейітмағамбет қыздарды ұзатуға түбегейлі қарсы екенін кесіп айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ажырасып кеткен өнер иесі мұндай ұсыныстардан бірден бас тартатынын мойындады....