Басты бет Қоғам "Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

«Біздің облыстың патриоты емессіздер»: Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

Павлодар облысының әкімі үшін ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігінің беретін бағасы. Бұл туралы Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елордада есеп берген Павлодар облысының әкіміне БАҚ өкілдерінің бірі рейтингіге қатысты сұрақ қойды. Атап айтқанда, Бақауовтан ай сайын жасалатын әкімдер рейтингінде көш соңында жүруінің себебін сұрады.

«Мен таяуда басқа рейтинг көрдім. Онда мен ортасында жүр екенмін (күлді). Түрлі-түрлі рейтинг бар ғой. Төрт адам рейтинг жасауы мүмкін, «подписчиктері» бар дегендей. Мәселен, он «подписчигі» бар десек, сегізі қарсы болып, екеуі қолдаса, сексен проценті қарсы шыққандай болады ғой. Сондықтан, менің ойымша, ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігі жасаған рейтинг. Біздің алдымызға қойылған тапсырмалар, нақты міндеттер бар», — деді ол.

Осы кезде журналистердің бірі «халықтың рейтингі қайда қалды?», «сонда сізді тек биліктегі шенеуніктердің рейтингі ғана қызықтыра ма» деп сұрады. Бұл сауалға Бақауов нақты жауап берген жоқ, жалтарып кетті.

«Одан да біз сіздермен біздің облыстың рейтингін жасайық. Мен сіздермен Нұр-Сұлтанда тұрып Павлодар туралы сөйлескім келмес еді. Себебі, сіздер біздің облыстың патриоты емессіздер. Мен сіздерді өз есебімде көргім келеді. Сол жерде сұрақ қойып, халық тыңдаса. Егер Павлодар облысы сіздерді қызықтырса, сол жерде жұмыс істеңіздер», — деді аймақ басшысы.

Осы жылдың қыркүйегінде үкімет басшысы ірі қалалар мен облыс әкімдерінің жұмысы үш критерий бойынша бағаланатынын айтқан еді. Оған бизнеске жасалған қолайлы жағдай, инвестиция тарту және инфрақұрылымды дамыту кіреді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...