Басты бет Қоғам Блок-бекеттен «Бентлимен» жүйткіп өткендер қамауға алынды (видео)

Блок-бекеттен «Бентлимен» жүйткіп өткендер қамауға алынды (видео)

Алматы облысында «Бентлимен» блок-бекетке тоқтауды жөн көрмей, жүйіткіп өткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бентлиімен блок-бекеттен жүйіткіп өткендер, есер әрекетін ерлікке балап видеоға да түсірген. Мұндай бассыздықты сақшылардың өзі күтпегендей. Бірақ тентектер көпке ұзамай қолға түсті.

Ақбота Әзірбек, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

— 1985 жылы туған азамат және оның жолаушысы 1990 жылғы ер адам анықталды. Бұл тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен жауапкершілікке тартылған. Ұсталған ер адамдар 15 тәулікке дейін қамауға алынды.

Облыс оқшауланғасын, Алматының шығаберіс пен кіреберіс қақпасындағы бақылау одан сайын күшейді. Негізгі блок-бекетке жеткенге дейін де бекет бар. Ондағылар көліктегі жүргізушілердің дене қызуын өлшейді. Бірақ бұл міндеттің сақшылардың құрмет көрсеткен бұл секілді қара көліктерге қатысы жоқ.

Алматы іргесіндегі «Алтын орда» базары да бүгін басқаша жұмысын бастады. Енді азын-аулақ азығын алуға әдеттенгендерге есік жабық. Тек оны таситын саудагерлер мен кәсіпкерлерге арнайы рұқсат қағазы берілген.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

— Көп адамның шоғырланатын жері болғандықтан, карантиндік режимді сақтауымыз қажет. Кәсіпкерлер күнделікті таңертен келген кезде өз рұқсаттамаларымен кіреді. Және телеметрия процедурасынан өтеді. Содан кейін базардың ішіне кіреді де, нақты өзіне қажетті тауарларды алып кейін қайта шығарылады.

Оқшауланудың салмағын енді сезініп жатқан облыс тұрғындарын оқшау ой мазалауы мүмкін. Көбі азық-түліктен тарылмайық деп кешелі алашапқын болды. Бірақ атқамінерлер: «Байбаламға түсудің қажеті жоқ, бастысы – бәрі үйде болса, карантин қамытынан құтылар күн де қашық емес» —  дейді.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы үшін байқау жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды, деп хабарлайды MediaWorld.kz. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын жүзеге...

Биыл Қазақстанда қыс қандай болады

Қараша айының бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар),...

Өзі жүре алатын ескі техникаға 2 миллион теңгеге дейін береміз – ӨКМ Операторы

ӨКМ Операторы («Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» ЖШС) істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын (өздігінен жүретін) қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасын іске қосады. Агротехникаларды қабылдау осы жылдың...

Қырғызстанда Қытайға берешекті өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныс айтылды

Қырғызстанда мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр...

Коронавирус: Еліміздің қай аймақтарында карантин режимі күшейтілді

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Күз келе салысымен бүкіл әлемде COVID-19-қа...

«М.Тазабековтің мақсаты — Қазақстанды Ауғанстан мен Сирия секілді діни мемлекетке айналудыру»: қоғам белсендісі Тоқаевтың атына үндеу жасады

Мұхамеджан Тазабековтің еліміздің басты арнасына арнайы уақыт алып «Тәлім-тренд» бағдарлама ашып, уағыз жүргізуіне қарсылық білдіріп жатқандар саны азаяр емес. Тіптен «қауіптің алдын алмаса болмайды»...

«Баратын жері жоқ»: Маман балалары ішіп келіп, ойран салатын қарттарға орталық ашып беруді сұрап отыр

Ақтөбелік еріктілер жалғызсырап жүрген қарттарға "Даналық" орталығын ашуды сұрайды. Айтуларынша, 80-90 жастағы қариялардың маскүнем баласы мазасын алғанда баратын жері жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. Карантин...