Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында бойжеткенмен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Фотода екеуі қол ұстасып тұр, бойжеткен маска таққан.
«Баршаңыз үшін күн сәтті өтсін. Сені қуантқым келеді, күте тұр», — деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары суретке қатысты үш мыңнан астам пікір қалдырды. Әрқайсысы өз болжамын айтуда.
«Бейтаныс қыз кім, қалыңдығы ма? Бізді қорқытпа, Димаш», — деп жазды әншінің жанкүйерлері.
Кейбірі олар жақын арада бейнебаян түсіріп, жаңа туындымен қуантатын дуэт деген пікір білдірді.
Димаш Құдайберген 26 жаста, өзінің жеке өмірі туралы әлеуметтік желіде жазбайды және бойжеткендермен түскен суретін бөліспейді.
Оқи отырыңыз:
- Шығыс Қазақстан облысында блок-бекеттер қайта орнатылатын болды
- Ақмолалық құтқарушылар бес тәулік бойы жоғалған балықшыларды іздестіруде
- Қатаң карантин енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасады