Басты бет Қоғам Білім "Болашақ" бағдарламасына іріктеу тәртібі өзгереді

«Болашақ» бағдарламасына іріктеу тәртібі өзгереді

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу өзгереді, бағдарлама модернизацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап.

«Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олар ең алдымен ашықтықты арттыруға, барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндік жасауға, іріктеудің объективтілігін күшейтуге, сондай-ақ бюрократиялық кедергілер мен бұрынғы мәселелерді шешуге бағытталған», -деп жазылған хабарламада.

Үміткерлерді іріктеу тәртібі өзгертіледі

Стипендия алуға болатын басым мамандықтар тізімі енеді. Оны құрастыру кезінде нарық қажеттігінің орта мерзімді болжамы ескерілген.

Сондай-ақ, халықаралық стипендияға үміткерлерге арналған квоталық санаттар қысқартылды. Стипендияға үміткерлердің барлығына мүмкіндік бірдей. Үміткерлердің барлық жеңілдік квота санаттары алынып тасталады. Барлық үміткерлер шетелдік жоғары оқу орындарына өздері түсуі тиіс.

Бұған қоса, ауылдық жерден шыққан үміткерлерді қоспағанда, бұрын ұсынылған алдын ала тілдік дайындық курстары алып тасталды. Іріктеу турлары шеңберінде тілдерді білу деңгейін тексеру алып тасталған. Үміткерлер өздері тест тапсырып, құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік

(KazTEST В1) және шет тілінен (кемінде IELTS 6.5) сертификат ұсынуы керек.

Халықаралық стипендия тағайындауға арналған барлық үміткерлер үшін конкурстық іріктеу турларының саны қысқарады. Конкурстық іріктеу кезіндегі 6 турдың орнына барлығы 3 тур болады.

«Үздіктердің үздігі ғана стипендия алады»

Тәуелсіз сараптамалық комиссияның жұмысына және оның құрамына енетін азаматтарға қойылатын талап күшейтіледі. Енді комиссия құрамындағы үш адамның орнына кемінде бес адам шешім қабылдайды. Үміткерлерді іріктеудің бүкіл процесі және барлық комиссия отырыстары онлайн таратылады.

Электрондық үкіметтің веб-порталында үміткердің жеке кабинеті арқылы құжаттарын қабылдау процесі толықтай автоматтандырылды.

«Біз енгізіп жатқан өзгерістер, ең алдымен «Болашақ» стипендиясын тағайындаудың ашықтығын арттыруға бағытталған. Біз осы күнге дейін болған барлық ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойдық. Еліміздегі тек үздіктердің үздігі ғана халықаралық президенттік стипендия бойынша білім алса екен дейміз», — деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Айнұр Кәрібозова.

Жаңа қағидалар «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланады.

Айта кетсек, бағдарлама аясында 26 жылы ішінде 10738 маман даярланды. Бағдарлама түлектері мен стипендиаттары арасында көбірек сұранысқа ие ақпараттық технологиялар мен жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, журналистика және коммуникациялық менеджмент, қоғаммен байланыс және жарнама, сәулет және құрылыс, жобаларды басқару, педагогика, құқық және мұнай-газ ісі мамандықтарын атауға болады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды

Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп...

Жоқшылықта өсіп едім. Ақыры ұры болдым – Жомарт Ертаев

Сотталып жатқан бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа соңғы сөз берілді. Ол соңғы сөзден бас тартпай, сөйлеп қалды, деп хабарлайды zakon.kz. Тергеу мәліметінше, Ертаев 2011–2017 жылдар ішінде...

Алматыда үйлерге жылу әдеттегіден ерте беріле бастайды

Жылу беру маусымы Алматыда 28 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды zakon.kz. - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, жылыту маусымын бүгін, 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылдады....

Қызылорда 17 адамға қаланың құрметті азаматы атағы табысталды

Қызылорда күніне арналған мерекелік шаралар легі шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Сыр Ана" алаңында қорытындыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала...

Қытайда Huawei зауыты өртенді (видео)

Қытайдың Дунгуань қаласындағы Huawei компаниясының зауытында ірі өрт болды: жаңа технологияларды тестілеуден өткізетін ғимараттың бір бөлігі отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Disclose.tv мәліметінше, Дунгуань қаласындағы...

ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі...

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ...