Басты бет Оқиға Қылмыс Болат Бақауов қызмет бабын туысының пайдасына жаратқан - сот

Болат Бақауов қызмет бабын туысының пайдасына жаратқан — сот

«Қызмет бабын асыра пайдаланды», деп айыпталған бұрыңғы облыс әкімі ісіне нүкте қойылды. Павлодар қаласының №2 сот Үкіміне сәйкес, Болат Бақауовтың бас бостандығы 3 жыл 6 айға шектелді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Сотқа айыпталушының өзі келген жоқ. Болат Бақауов тағылған айыпты үйінде отырып, онлайн тыңдады. Олардың бәрін прокурор тізіп шықты. Келтірілген деректерге қарағанда бұрыңғы аймақ басшысы, кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабековке және інісі Руслан Бақауовтың 4 жыл төленбеген салығын қысқартуды бұйырған. Сөйтіп олар 200 млн теңгені салығынан жалтармақ болыпты.

Елена БЕЛОВА, ПРОКУРОР:

— Айнабеков облыс әкімінің қызметтік кабинетіне келіп, Бақауовқа төленбеген салықтың қысқартылған актісін ұсынған. Құжатта салық көлемі 3 млн 146 мың 272 теңге деп көрсетілген. Бұған қоса ол өзімен бірге серіктестікке жүргізілген тексерудің екінші актісін де ала келген. Онда мемлекетке серіктестіктің жалпы қарыз көлемі 212 млн 69 мың 72 теңге деп жазылған. Яғни, бұл қомақты көлемдегі төленбеген салық.

Болат Бақауов кінәсін толық мойындағандықтан, сотқа куәгерлер шақыртылмады. Мемлекетке келтірген шығын көлемі алдын ала төленген көрінеді. Яғни, 165 млн теңге елге қайтарылды.

Нұрлан ҚАЙЫРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

— Сот Бақауов Болат Жұмабекұлын кінәлі деп тауып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 361 бабы, 4 бөлімінің 3 тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Және оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне болмайды.

Бұдан бөлек Бақауов жылына 100 сағат қоғамдық жұмыспен айналысуға міндеттелді. Жазасы өтелгенше, қаладан шығуына және ойын-сауық орталықтарына баруына тыйым салынды. Ал, мүлкіне қойылған бұғаттаулар алынды. Сот шешімі 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

— Естеріңізге салайық, күні кеше Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс біршама жеңілдеді. Онда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген бап ауыстырылып, дүние мүлкін тәркілеу де алынып тасталған болатын.

Фото: видеодан алынған кадр

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...