«Болды, кетемін». Владимир Божко Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметінен кететінін айтты

766
Фото: assembly.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жаңа шақырылымда өз орнын сақтауға ниетті емес екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

— Болды, баршаңызға рахмет. Тіпті, бұл туралы мен Facebook-те де жаздым. Мырзалар, болды, тынышталыңыздар. Әлдекімдер менімен алысып, үнемі зейнетке жіберумен болды. Болды, кетемін, — деді Божко.

Божко Президентке және Парламент басшылығына заң шығару процесінде жинаған тәжірибесі үшін алғыс айтты. Оның айтуынша, ол мұнда үлкен тәжірибе жинады.

Ол болашақта не істейтінін әлі шешпегенін мойындады.

— Бірақ менің жеті немерем бар, сондықтан айналысатын шаруам жоқ емес, бар, — деп қосты ол.

Божко сонымен бірге:

— Тағы бір маңызды жайт, мұнда Нұрлан Зайруллаұлы (Нигматулин) басшылығымен жүзеге асырылған Мәжілістегі басқарудың өте тиімді процесіне келіп қосылдым. Ол бұл саланың академигі. Ұйықтау деген болған жоқ, барлығы өте қауырт жұмыстармен айналысты.

Ол 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заңдар қабылданғанын атап өтті.

2 триллионға жуық теңге, қабылданған заңдарға сәйкес, жалақы өсімі, қосымша әлеуметтік төлемдер ретінде біздің азаматтардың қалтасына тікелей түсті. Мұнда бес жыл бойы, қол үзбей жұмыс істегенім үшін еш ұялмаймын, — деп сөзін аяқтады ол.

2016 жылғы парламенттік сайлауда Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің атынан VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Одан кейін Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 11 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс беру басталды.

Оқи отырыңыз: