Басты бет Оқиға Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Нұрлан Жүнісов таңертеңгісін Макинск қаласына іс-сапарға кеткен. Ол Көкшетаудағы электр желілері торабында бағаналар таситын жүк көлігінің жүргізушісі. Жолда көліктен түсіп төлем терминалына жол ақысын төлемек боп жақындағанда, жүйткіген көлік кеп соққан.

Маржангүл Нүкенова, марқұмның қызы:

— 40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ұшқаны соншалық, Щучьеде соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған, мас болған дейді, иә.

«Мұсылмандық жолмен шаңырағында бір түнетіп, арулап барып жерлей алмадық» — деп өкінеді туысқандары. Өйткені марқұмның денесі бөлшектеніп қалған, мәйітханадан әкеле есік алдынан жөнелткен. Ал оқиға орнынан қашып кеткен Макинск қалалық желілік полиция бөлімшесінің бастығы екен. Басшылары оны қызметінен шығарып үлгеріпті.

Ләззәт Қасымжанова, ҚР ІІМ Көліктегі ПД баспасөз хатшысы:

— Көліктегі полиция департаменті бастығының ағымдағы жылғы 27-мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясындағы желілік полиция бастығы, майор Роллан Қанғожин ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Жол апатын жасап адам өліміне себепші болған бөлімше бастығының бұл әрекетіне департаменттің басшы құрам санатындағы бірнеше қызметкерді де тәртіптік жауапқа тартқан. Қазір полиция майоры қамауға алынып, «Жол ережесін өрескел бұзу» бабымен тергеліп жатыр. Ал оқиға орнынан қашып кеткені туралы бір ауыз сөз жоқ.

Фото: видеодан алынған кадр

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...