Cайлау өтті. Сайлаушылардың 63,3%-ы дауысын берді

80
Фото: Azattyq Ruhy

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3%-ы алды.

Олардың ішінде өңірлер бойынша:

  • Ақмола облысы бойынша – 72,8%
  • Ақтөбе облысы бойынша – 58,8%
  • Алматы облысы бойынша – 73,5%
  • Атырау облысы бойынша – 56,4%
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 62,4%
  • Жамбыл облысы бойынша – 72,2%
  • Қарағанды облысы бойынша – 70,7%
  • Қостанай облысы бойынша – 71,8%
  • Қызылорда облысы бойынша – 73,9%
  • Маңғыстау облысы бойынша – 55,0%
  • Павлодар облысы бойынша – 71,3%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5%
  • Түркістан облысы бойынша – 65,8%
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4%
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1%
  • Алматы қаласы бойынша – 30,3%
  • Шымкент қаласы бойынша – 56,5%

Оқи отырыңыз: