Басты бет Қоғам COVID-19 пандемиясынан қазақтың ұлттық тағамдарына сұраныс артты

COVID-19 пандемиясынан қазақтың ұлттық тағамдарына сұраныс артты

Короновирус инфекциясы өршігелі бері ұлттық тағамдарға сұраныс күрт жоғарылады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Құрт пен ірімшікті жеп, айран ішетін ағайын көбейді. Әсіресе саумал мен қымыз дефицитке айналды. Осының арқасында, бие байлап отырған шаруашылықтар жұмысы гүлденді. Соның бірі Көксай ауылы маңындағы қожалық.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

— Жаңа сауылған мына бие сүтін ішу үшін жұрт мұнда таңғы 5-тен бастап кезекте тұрады. Оның өзінде жетпей қалуы мүмкін екен. Тіпті біздің түсірілім тобыда мына бір шыны саумалға ішу үшін кезекте 40 минуттан аса тұрды. Осыған қарап, тұрғындар пандемия кезінде ұлттық сусынның қадірін бұрынғыдан бетер түсінгендей ме деп қалдық.

Биебау қожайыны жылқыны таңғы бестен бастап, әр екі сағат сайын сауады. Сұраныс жоғары. Саумалды әп сәтте 200 адам талап алып қояды екен.

Жанна ІЗЕТОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Күнде келеміз. Осындай түскі уақытта келеміз. Немесе азанда. Өзімнің денсаулығым үшін кішкене иммунитетімді көтеріп, вирусқа да жақсы деп жатыр.

Нұржәмила ҚӘДІРХАНҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Маған рак деген диагноз қойылған. Таңертең 6 жарым — 8-дерде келемін. Кезек көп көрдіңіз бе, жетпей қалады. Келесі саумалға қалып отырамын. Отыз үш күн іштім. До резулатат анализдерім мен после анализдеріме врачтар не іштіңіз деді?

Айтса, айтқандай. Қымыздың шипасын талай ғалым растады. Аллергологтар да саумалдың аллергияға қарсы мықты ем екенін айтады. Ал, дерматологтар болса қымыздың құрамында А, В, С және Д дәрумені көп екенін дәлелдеді.

Айнұр ҚАЮПОВА, ДӘРІГЕР-ДЕРМАТОЛОГ:

— Қымыздың, саумалдың құрамындағы сүт ол альбуминдік типке жатады. Екі тип болады. Альбумин және казеин. Сол альбуминдік тип ана сүтіне жақын. Құрамындағы аминқышқылдары, ақуыз, қасиеті бойынша өті жоғары.

Сұраныс қымыз бағасын күрт көтеріп жіберді. Өткен жылы Алматы базарларында қымыздың литрі 500-600 теңге еді. Биыл ол 1,5 мың теңгеге жетті. Бірақ, қымыз қаптамада қатып жатқан антибиотик емес. Ол, иммунитетті шынайы көтеретін табиғи, қазақы сусын.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Подписывайтесь на наши аккаунты в социальных сетях:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

А также наша группа в Facebook

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 2021 жылдың...

Президенттің кредиттерді кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны рас па

Әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының барлық қарыздары мен кредиттерін кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды...

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik...

Депутат 400 мыңнан астам зейнеткерге үстемеақы төлеуді ұсынды

"Ақ жол" фракциясының депутаттары 1945 жылдың 9 мамырына дейін туған және тылда еңбек еткен азаматтардың зейнетақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Депутат Ерлік...

Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді. Алдағы үш күннің ауа-райы болжамы

Синоптиктер 13-15 мамырға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен 13 мамырда еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады. 14 мамырдан бастап республикамыздың көп...

Ashyq қосымшасы: Нұр-Сұлтан әуежайының кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

Әлеуметтік желілерде Ashyq қосымшасын енгізгеннен кейін Нұр-Сұлтан әуежайында пайда болған ұзын-сонар кезектің видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты елорда әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп...

Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойған ер адам көпірден секіріп кетті (видео)

Елордада мас күйде болған ер адам "Қазақстан" спорт кешенінің маңындағы көпірден секіріп кетті. Тәртіп сақшылары азаматты құтқарып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қалалақ полиция департаментінің хабарлауынша,...