Басты бет Қоғам Денсаулық Дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Маусымдық аллергиясы бар адамдардың  коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Динара Талғатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Шаң-тозаңға аллергиясы бар, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы аллергиялық ауруларына шалдыққан адамдар коронавирустың таралуына байланысты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіреді», — дейді аллерголог.

Талғатбекова аллергиясы бар адамдар, әсіресе, сәуірдің аяғы мен мамыр айында, ағаштар тозаңдана бастағанда сақ болуы керек екенін ескертті.

«Вирус ағзаға тыныс алу жолымен түсіп, көмей, кеңірдек пен бронхыларда жиналады. Яғни, бұл аллерген шырышты қабыққа оңай енеді деген сөз. Иммунитет әлсіз болса, вирустар мен аллергендер зақымдалған шырышты қабық арқылы организмге зиян келтіреді. Ал егер вирусқа шөптер мен өсімдіктердің гүлденуінен болатын аллергия қосылса, онда пациенттің жағдайы нашарлап кетуі мүмкін», — дейді дәрігер.

Яғни, инфекциядан аллергия асқынса, ал аллергияның өзі коронавирусқа теріс әсер етеді.

Осы ретте қазақстандық маман аллергиямен ауыратындарға кеңес берді. Айтуынша, олар күн сайын мұрнын, аузы мен тамағын тұзды сумен шайып отыруы тиіс.

«Вирустық инфекция кезінде мұрын-жұтқыншақтың дер кезінде емделмеген аурулары (синусит, фарингит) одан сайын асқынып кетуі мүмкін. Аллергиясы бар пациент дәрігер белгілеген емді алуы керек. Әсіресе, бұл өсімдіктердің гүлдену уақытында өте өзекті», — дейді ол.

Айтуынша, вирустар әрдайым аллергиялық ауруларды асқындырып, демікпенің өршуіне әкеп соғады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Елордадағы субұрқақтан энтеровирус РНҚ-сы табылды

Нұр-Сұлтанда ауа райының жылынуына және шомылу маусымының басталуына байланысты энтеровирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 2,6 есе өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне...

Талдықорғандағы мешітте имамды ұрып кетті

Талдықорғанда діни қызметкерді ұрғаны үшін деструктивті діни ағымның жақтаушысы қамауға алынды. Сот отырысында 33 жастағы ер адам кінәсін мойындап, өз ісіне өкінген, деп хабарлайды...

Жыл басынан бері 116 адам суға батып кетті: ТЖМ азаматтарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 116 адам суға батып кеткен, деп жазады...

Жеткілікті шек болмайды: зейнетақы жинағын жеке компанияға аударуға рұқсат берілуі мүмкін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарға зейнетақы жинағын жеткілікті шегіне қарамастан жеке компанияларға аударуға мүмкіндік беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. БЖЗҚ кеңесінің мүшелері салымшылар...

Атырау облысында 4 жасар егіз қыздар терезеден құлап кетті

Атырау облысында екі егіз қыз бала көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиға орнында болған куәгер хабарлады. Оқыс оқиға 27 маусым...

Ет неге қымбаттап жатыр – министр жауабы

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер министрден Қазақстанда неге ет қымбаттап...

Бізде қант 350 теңгеден сатылып жатыр – Құмар Ақсақалов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қант бағасын 350 теңге деңгейінде ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жыл басында облыстың тұрақтандыру қорына шамамен 800...