Басты бет Қазақстан "Дағдарыс болуы мүмкін": Назарбаев неге алаңдап жүргенін айтты

«Дағдарыс болуы мүмкін»: Назарбаев неге алаңдап жүргенін айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Astana club» саяси форумының пленарлық мәжілісін ашты. Биыл осы пікірталас алаңының құрылғанына бес жыл толып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаев өз сөзінде әлемдік экономикадағы жағдайға қатты алаңдайтынын жеткізді.

«Бізді әлемдік экономикадағы жағдай алаңдатып отыр. Одан төніп тұрған дағдарыстың белгілері барынша байқалып жатыр. Сауда саласындағы қайшылықтар мен гесосаяси тұрақсыздық күшейіп жатқанда жаһандық институттар да тиісті болжамдарын жасап отыр. Жаһандық өсімнің баяулап кетуі әлемдік сауда-саттықтың дамуына кері әсерін тигізуде. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыстың алдындағы көрсеткіштен екі есеге асып, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 80 процентіне жетті», — деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, осы факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп отыр. Еуразия мемлекеттері де ол үдерістерден тыс қалмайды.

«Әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік те жаңа деңгейге шықты. АҚШ пен Қытайдың өзара санкциялары, сауда соғыстары қалыпты жағдайға айналды. Батыс пен Ресей арасындағы жағдай да солай. Бұның барлығы стратегиялық ынтымақтастықты қалпына келтіру жұмысын қиындатып отыр», — деп атап көрсетті Назарбаев.

Айта кетейік, биылғы форумның тақырыбы – «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі». Спикерлердің ішінде бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар.

Кешегі отырыста 2020 жылдағы Еуразия құрлығы үшін 10 басты сын-қатер бойынша арнайы зерттеудің нәтижесі жарияланған болатын. Оған ірі бұқаралық апарақ құралдары, халықаралық институттар, 40 беделді сарапшы мен саясаткер қатысты. Бұдан бөлек, арнайы сауалнамаға 70 елден 1100-ден астам кәсіби маман тартылған. Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың айтуынша, осы рейтингтің тағы бір маңызды тұсы, ол  барлық халықаралық зерттеуден бұрын жарияланып отыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...