Басты бет Қоғам Авто Делдал арқылы сатып алынған армян көліктері қалай тіркеледі?

Делдал арқылы сатып алынған армян көліктері қалай тіркеледі?

Ішкі істер министрлігі делдал арқылы сатып алынған армян көліктері қалай уақытша тіркеуге қойылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

«Армения көліктерін алыпсатарлардан алған адамдар көп. Арменияға өздері бармаған, демек көлікті өз атына тіркемеген. Олар енді Қазақстанда көлікті уақытша тіркеуге қоя алмай жүр. Олардың мәселесі қалай шешіледі?», — деп сұрады тілшілер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Сұраққа арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақтоты Боранова жауап берді. Оның айтуынша, Арменияда тіркелген көлікті Қазақстанда уақытша тіркеуге қою үшін көлік иесінің өзі келуі керек.

«Техникалық төлқұжатта көлік иесі жазылған. Оны тауып, уақытша тіркеуге шақыру керек. Егер көлік иесін таба алмасаңыз, ішкі істер органдарының көмегіне жүгінсеңіз болады. Қазір мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында біздің қызметкерлеріміз отырады», — деді Боранова. 

Ол соларға барып, техникалық құжатта көрсетілген адамның мәліметтерін шығарып алуға болатынын атап өтті.

Боранованың сөзіне қарағанда, армян көлігін сатып алған адам оны өз атына да аудара алады. Бірақ ол үшін алдымен көлік иесімен бірге Арменияға барып, тіркеуден шығу қажет. Осыдан кейін көлік Қазақстанда тұрақты тіркеуге қойылады.

Айта кетейік, бүгінде сақтандыру полисімен армян көліктерін мініп жүрген қазақстандықтар аз емес. Алайда жол ережесі бұзылса, айыппұл көлік иесіне емес, рөлде отырған адамға салынады.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...