Басты бет Қоғам Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты

Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой парацетамолдың тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мәселен, кеше Нұр-Сұлтанда дәріханаларға 70 мың қаптама таратылған болатын. Соның бәрін жарты сағаттың ішінде сатып алды. Қазіргі кезде ол препараттарды интернет желісінде сатып, үстінен пайда табатындар да бар. Енді, осы мәселемен құзіретті органдар айналысатын болады», — деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, дәл қазір қалада парацетамолды ондай мөлшерде ішетін науқастар жоқ. Сондықтан бұл жерде алып-сатарлардың әрекеті анық байқалып тұр. Парацетамолдың тапшылығы қолдан жасалып отыр.

«Оны ауырмайтын адамдар артығымен алуы да мүмкін. Температурасы болмаса да, үйіне алып қояды. Негізі, құрамында парацетамолы бар 33 дәрінің түрі бар. Сондықтан басқасын да алуға болады. Алайда халық интернеттен ақпарат алып, дәл сол парацетамолды іздеп жүреді», — деп атап көрсетті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау министрлігі құрамында парацетамолы бар дәрілердің тізімін ресми сайтында жариялаған болатын.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Подписывайтесь на наши аккаунты в социальных сетях:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

А также наша группа в Facebook

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...