Денсаулық сақтау министрі вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинаны тұмаудың белгілері, дене қызуы бар адамдарға салуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, дәрігерлер екпе салардан бұрын респираторлық инфекцияның симптомдары бар-жоғын міндетті түрде сұрайды.

«Тұмаудың белгілері, дене қызуы болғанда, әсіресе, ауру асқынған кезде вакцина салуға болмайды. Сондықтан дәрігерлер осы іспетті белгілердің бар-жоғын қарайды. Сосын жеке аллергиялық реакциялар болады. Оны да сұрайды. Бұл – вакциналауға дейінгі басты талап», — деді Цой журналистерге берген сұхбатында.

Бүгін министр елордадағы №6 емханада тұмауға қарсы вакцина салдырды. Вакциналау биыл екі апта бұрын басталып отыр. Себебі вирустық инфекциялар маусымына коронавирус қосылып кетеді деген қауіп бар.

«Мына бір мәселе маңызды болып тұр: тұмауға қарсы вакцина қалыптастыратын қорғаныс алдағы уақытта бізге көмектесуі тиіс. Яғни, инфекциялар бір-бірімен қабаттасып кетпейді», — дейді Цой.

Оқи отырыңыз: