Басты бет Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты жағдай туралы ақпарат берді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты жағдай туралы ақпарат берді

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 4 мыңға жуық адам бақылауда тұр. Ал 38 адам ауруханада карантинде жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін шетелден келген 4650 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың ішінде коронавирустың жұқтыру деңгейі жоғары, яғни 1 «б» санатына кіретін мемлекеттерде болған 1217 адам бар. Бүгінде 676 адам бақылаудан шығарылды.

11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3 974 адам бақылауда тұр. Ал емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр.

Әлем бойынша 117 мемлекетте 38 140 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 1135 науқас қайтыс болды.

1 «а» санатына кіретін мемлекеттер

  • Оңтүстік Корея — 7513 жағдай (тәулік ішінде + 35 жағдай);
  • Иран – 8042 жағдай (тәулігіне + 881).

1 «б» санатына кіретін елдер

  • Италия – 10 149 жағдай (тәулігіне + 977);
  • Қытай — 80 778 жағдай (тәулігіне + 24 жағдай)

Денсаулық сақтау министрлігінің кеңестері

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:

  • — қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
  • — қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
  • — адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
  • — науқас адамдармен байланыста болмауға;
  • — суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында жарияланып тұрады. Қосымша сұрақ бойынша 1406 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сатынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...