Денсаулық вице-министрі екі айға қамауға алынды

39
Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды. Осы ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұр-Сұлтан қалалық сотында растады.

«Мамандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевке қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға рұқсат берді», – деді сот мамандары.

Айта кетейік, 2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұстағалғанын растады. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды.

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, өткен аптада оның орынбасары жұмыстан өз еркімен кету туралы арызды жазған. Бірақ шешім әлі қабылданған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз