Депутат: «30 жыл бойы халықты өтірік реформалармен алдап келдік» (видео)

Фото: facebook.com/edilzh

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин халықпен кездеспей, қонақ үйден қайтатын вице-премьер Роман Склярды сынға алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Роман Васильевич, кешегі Маңғыстаудағы жағдайға сіздің тікелей қатысыңыз бар. Асқар Маминмен өңірге бірнеше рет бардыңыз. Бірақ Rixos қонақ үйінен кері қайтасыздар. Халықпен кездескен емессіздер. Бірде-бір мәселені шешпей, қайтып кетіп жүрсіздер, — деді Еділ Жаңбыршин.

Ол осы ретте бірнеше рет депутаттық сауал жолдағанымен, жарытып бірде-бір рет жауап бермегенін айтты.

Бұл да — Үкіметтің үлкен қатесі. Халық пен Үкіметтің арасында ешқандай байланыс жоқ. Самат Мұсабаевпен (депутат) бірге халықпен кездескенде, осыны айтты. Тым жақсы көлік мінесіңдер, әдемі костюм киесіңдер, галстукты тағасыңдар, кабинетте отырасыңдар, — деді депутат.

Тақырыпқа сай: Депутат Қазақстанда сән-салтанатқа салық салу мәселесін тағы қозғады

Ол вице-премьерге бірде-бір рет активпен кездескен жоқсындар, газшылармен де сөйлеспедіңдер деді. Қазіргі кезде халықтың зорға тұрғанын, сондықтан Үкіметтен бұл мәселені қалай шешетінін сұрады. Келесіде халық алаңға шықса, оларға депутаттар емес, Үкімет мүшелері баруы керектігін айтты.

Бүгін тағы келіп отырсыздар. Айтар ештеңелеріңіз жоқ. Бұл ұят жағдай. Келесіде 30 мың халықтың алдына өзіңіз шығып, жауап бересіз. Әдемі сөз, өтірік реформа, еш нәтижесі жоқ бағдарламалар қажет емес. Халық осыны айтып отыр, — деді Еділ Жаңбыршин.

Төменгі палата депутаты егер осы мәселелер шешілмесе, халық тағы алаңға шығатынын ескертті. Маңғыстаудың тек Rixos қонақ үйінен тұрмайтынын қадап-айтты.

Тақырыпқа сай: Кредиттің артық төлемі қысқартылуы мүмкін – агенттік депутаттарға жауап берді

«Өңірлерге жауап беретін вице-премьерсіз. Өзенмұнайгаздың локализациясын әлі күнге неге шешпей жүрсіңдер? Сендердің дұрыс жұмыс істемегендеріңнің кесірінен мемлекетті жоғалтып ала жаздадық. Алматыда халықтың қаны төгілді. Енді бұлай жүруге болмайды. Президент, Парламент, Үкіміт бірігіп шешуіміз керек. Егер шешпесек қиын болады. Халықты өтірік реформалармен 30 жыл бойы алдап келдік. Америка, Еуропада девальвация деп алдап келдік. Жауап бермей-ақ қойыңыз. Жауабыңыз түсінікті. Одан да жұмыс істеңіз», — деді ол.

Автор: Бек ТӨЛЕУОВ

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз