Басты бет Саясат Парламент Депутаттар Үкіметтен елімізді қатаң карантин режиміне қайта көшіруді сұрады

Депутаттар Үкіметтен елімізді қатаң карантин режиміне қайта көшіруді сұрады

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова үкіметтен республикалық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізуді қарастыруды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

«Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкіметтен коронавирус инфекциясын жұқтырған барлық адамдарды ауруханаға орналастыру бойынша шұғыл шаралары қабылдауды сұрайды, қажет болған жағдайда шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарын тегін тексеру үшін өңірлерге медициналық пойыз ұйымдастыруды сұрайды, — деді Қазбекова Мәжілісте депутаттық сауалын жариялай отырып.

Сонымен қатар, оның айтуынша, тұрғындар үшін, оның ішінде аз қамтылған топтарды тегін тестілеу үшін жеткілікті мөлшерде тексеру жүргізілуі керек. Сонымен қатар ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шараларды енгізуді қарастыру керек.

«Ақ жол» фракциясы үкіметтің бірінші кезеңде коронавирустық пандемияға қарсы тұру үшін жасаған күш-жігерін жоғары бағалайды. Олардың нәтижесі көптеген елмен салыстырғанда айтарлықтай індетті тежетті. Сонымен қатар, бірқатар аймақтарда шектеулерді алып тастағаннан кейін коронавирусты жұқтырғандар мен өлім-жітімнің күрт өсуі байқалды, — деді ол.

Оның айтуынша, депутаттарға жергілікті жерлерден науқастарды ауруханаға орналастырудан бас тарту, медициналық процедуралардың толық орындалмауы және медицина қызметкерлерінің өздері үшін қорғаныс құралдарының болмауы туралы шағымдар келіп түсуде.

Денсаулық сақтау министрлігі мен шенеуніктер статистикаға жүгінеді, ал қарапайым адамдар нақты жағдайларға тап болады. Бірақ бұл мемлекет қорғауға міндетті біздің азаматтарымыз! Коронавирусқа арналған тесттердің жоқтығы туралы шағым көп, олардың бағасы да удай, 15 мың теңге, ал елімізде үш ай бойы табыссыз өмір сүріп жатқан отбасылар да жетерлік, — дейді Казбекова.

Тіпті, Нұр-Сұлтанда тест тапсыру кезегіне кемінде екі күн бұрын тұру керек, нәтижелері де уақытында берілмейді, кезек мәселесіне қатысты Алматы, Шымкент, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан және т.б. өңірлерден шағым көптеп түсіп жатыр.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...