Димаш Құдайберген америкалық IPZ лейблімен келісімшартқа отырды. Бұл ақпаратпен әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
1 маусымда АҚШ-та — Нью-Джерсиде 26 жастағы қазақ әншісі, композитор, көп музыкалық аспапта ойнау шебері, ерекше вокалымен танымал Димаш Құдайберген IPZ компаниясымен келісімшартқа отырды.
«Димаш – Америка Құрама Штаттарында танымал бола бастаған талантты әнші. Оның өз мансабын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктері бар және ол әлемдік брендтер үшін активке айналады», — деді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.
IPZ – шоу-бизнес пен спорт саласындағы медиа адамдарға кеңес беруге бағытталған америкалық лейбл. Олар ақпарат алаңында жұлдыздардың мүддесін қорғайды.
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/
Оқи отырыңыз:
- Теміртауда жүйкесі жұқа біреу автобуста сөзге келген адамға пышақпен тап берген
- Ұйғыр ауданында не болып жатыр?
- «Ангинаны емдейді»: Белгілі дәрігер құрттың көптеген ауруға таптырмас ем екенін айтты
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз