Басты бет Қоғам Шоу-бизнес Димаш Құдайберген Қазан әуежайын дүрліктірді (видео)

Димаш Құдайберген Қазан әуежайын дүрліктірді (видео)

Фото: Іnstagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді Қазан әуежайында жанкүйерлері ерекше қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазан қаласына Димаш ата-анасы Светлана мен Қанат Айтбаевтармен бірге ұшып келді. Жанкүйерлер оларды күтіп алуға тыңғылықты дайындалған екен. Димаштың келе жатқанын алыстан көрген фанаттар оның есімін дауыстап айтып, қол соғып қарсы алды. Сондай-ақ, үлкен торт әзірлеп, гүлдер мен сыйлықтар ұсынды. Арасында башқұрт ұлттық музыка аспабын сыйға тартқандар да бар.

«Біз Сіздің Татарстанға келуіңізді тағатсыздана күттік. Қазанға қош келдіңіз! Біз сізді қатты жақсы көреміз!», — деген жанкүйерлердің сөзіне Димаш өзінің қарапайым ғана қалпымен ризашылығын білдірді.

Димаш әуежайға жиналғандардың ішінде еңбек ардагеріне ерекше ізет көрсетті. Қарияның қолын зор ілтипатпен алып, қара көзілдірігін шешіп суретке түсу арқылы риясыз құрмет-қошеметін сездірді.

Сүйікті әншісін қарсы алуға келгендердің ішінде Татарстан тұрғындары ғана емес, Канада, Финляндия және Қазақстан азаматтары бар. Жанкүйерлер Димаш көлікке отырып, жүріп кеткенше «Махаббат бер маған» әнін шырқады.

Айта кетейік, 16 ақпанда Ресейдің Краснодар қаласынан басталған Димаш Құдайбергеннің ARNAU TOUR 2020 туры Қазан қаласында жалғасын тапты. Одан кейін әнші Екатеринбург, Рига, Мәскеу, Киев, Гамбург, Дюссельдорф, Прага, Штутгард және Минскіде концерт береді.

Димаштың Ресей мен Еуропадағы жеке концерті

Димаш Құдайбергеннің Ресей мен Еуропада 11 концерті өтеді деп жоспарланған:

  • 2020 жылдың 16 ақпаны, «Баскет Холл» спорт кешені, Краснодар, Ресей;
  • 2020 жылдың 20 ақпаны, «Татнефть Арена» спорт сарайы, Қазан, Ресей;
  • 2020 жылдың 23 ақпаны, «Екатеринбург-ЭКСПО»  конгресс орталығы, Екатеринбург, Ресей; 
  • 2020 жылдың 7 наурызы,  Арена Рига, Латвия;
  • 2020 жылдың 9 наурызы , «Мегаспорт» спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
  • 2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;
  • 2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
  • 2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
  • 2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
  • 2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
  • 2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...