Әлемге танымал қазақстандық орындаушы қытайлық әйгілі актерге кезекті альбомының тұсаукесері кезінде сыйлық тарту етті. Айта кету керек, әртістер өзара қолтаңба алмасты да деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Димаш Құдайберген әйгілі қытайлық актермен әр кездесу кезінде өзара сыйлық алмасатынын айтты.
Бұл жолы ол әлемге әйгілі тұлғаға қазақстандық өндіруші шығарған костюмді сыйға тартты. Ал Джеки Чан әншінің сыйлығын бірден киіп көрді.
Сонымен бірге, әнші Джеки Чанның бұл орайда одан асып түскенін атап өтті. Ол Чанның бір кездері Димаш Құдайбергеннің бүкіл отбасына бір чемодан сыйлық жасағанын сөз етті.
Сондай-ақ, өнер иесі әр кездесуінде қытай актерімен сөйлесуден жағымды әсер алатынын атап өтті. Ол Чанның өзге әртістерден ерекше екенін және рухани бай екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
- Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді – жаңа заңның нормасы
- Елордада 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақыға ие болды
- Алматы облысында оқушы жүкті болып қалды: қыздың өгей әкесі өзіне қол салды