Басты бет Қоғам Шоу-бизнес Димаш Құдайберген Кремльде жаңа әннің тұсауын кесті (видео)

Димаш Құдайберген Кремльде жаңа әннің тұсауын кесті (видео)

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген жаңа әнінің тұсауын кесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Your Love» (Сенің махаббатың) әнінің тұсаукесері Мәскеуде Кремль сарайында өтті. Жаңа әннің сөзін канадалық әнші Лара Фабиан, ал музыкасын белгілі ресейлік композитор Игорь Крутой жазды.

Жаңа ән Димаштың YouTube-каналында жарияланды. Сегіз сағат ішінде видеоны 210 мың рет көріп, астына 6 700 пікір жазылған.

Димаш Кремль сахнасында ресейлік композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Сонымен қатар бұл кеште әнші «Passione» шығармасын орындады.

«Көптен күткен әннің тұсаукесерін ұсынамыз. Димаш екеуіміздің туындымыз сегізінші наурызға бүкіл әйелге жасаған музыкалық сыйлығымыз болсын. Мұны игі дәстүрге айналдырып, мерекеге орай сіздерді жаңа әнмен қуантуға тырысамыз», — деп жазды Игорь Крутой Instagram парақшасында.

Кремльде өткен концерт тоғызыншы наурызда сағат 23.20-да «Россия 1» арнасында көрсетіледі.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...