Басты бет Қоғам Шоу-бизнес Димаш Құдайберген әлемдегі ең мықты әнші ретінде мойындалды

Димаш Құдайберген әлемдегі ең мықты әнші ретінде мойындалды

Димаш Құдайберген Adagio World тағайындаған халықаралық сыйлық — «Әлемдегі ең үздік ән орындаушы» аталымының үштігіне енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық әнші ресейлік опера әншісі Сергей Дудинский мен француз әншісі Лара Фабианға жол беріп, өз номинациясында ІІІ-орынға ие болды. Сергей Дудинскийге — 414 мың, Лара Фабианға — 408 мың, Димашқа — 402 мың адам дауыс берген.

Adagio World Award жеңімпазы 100 мың еуро көлемінде сыйлық алады немесе Еуропа мен АҚШ-тағы ән жазатын компаниямен және продюсерлік орталықпен ынтымақтастық туралы келісімшартқа ие болады. Марапаттау рәсімі Парижде өтеді.

Айта кету керек, Димаш дауыс беру кезеңінде ұзақ уақыт бойына бірінші келе жатқан, бірақ ресейлік әнші Сергей Дудинскийдің жанкүйерлері өзінің кумирін шешуші сәтте І-орынға шығарып жіберді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...