Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Жақын күндері Джеки Чанның «Авангард» атты жаңа фильмі көрерменге жол тартады. Мен ол жерде фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіз», – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Айта кетейік, «Авангард: Арктикалық қасқырлар» премьерасы 30 қыркүйекте Қытай мен Сингапурде және Малайзияда өтеді. 15 қазаннан бастап Ресей кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.
Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі мен Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжентинг, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол сынды актерлер ойнады. Фильмнің режиссері Стэнли Тун.
Фильмде «Авангард» тобы туралы айтылады. Картина сюжеті бойынша Ұлыбританияда «Арктикалық қасқырлар» жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап кетеді. Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті – бұл «Авангард» халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қаруланғандықтан, өзгелер орындай алмайтын міндеттерді жүзеге асырады.
Оқи отырыңыз:
- «Жастарға обал»: танымал әншілер фонограммаға қатысты пікір білдірді
- Алматы полициясы митингке дайындалуда
- Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру. Ең маңыздысы туралы қысқаша