Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасы арқылы көпшілікке видеоүндеу жолдады. Тыңдармандарынан көмек сұрау арқылы ол, дүниежүзілік қайырымдылық жобасын қолдайтынын білдіріп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоүндеуінде әнші жігіт әлемдегі азық-түлікке мұқтаж адамдарды пандемия кезінде қолдау жайлы пікірі айтқан.
«Мен @MichaelKors #FoodIsLove @WorldFoodProgramme (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде.
Сатылған әр «Love» футболкаларынан түскен қаржы түгел ДАБ–қа аударылады (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы). Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмектеріңіз қажет. Футболкамен суретке түсіп #WATCHHUNGERSTOP және @michaelkors тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі!», — деді Димаш.
Оның үндеуін көргендер (тыңдағандар) желіде «Қолдаймыз!» деп тек жақсы тілектерін жаудырып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- ШҚО-дағы тас жолда 40-тан астам көлік қар құрсауында қалды (фото)
- Илья Ильин «Халық алғысы» медалімен марапатталды
- Рубль құлдырады. Теңге де оның ізімен құнсыздана ма — Ұлттық банк жауабы