Елордада өткен баспасөз мәслихатында журналистер Алматы әкімі Ерболат Досаевтан бұған дейінгі ізашарларынан оны ерекшелейтін үш фактіні атауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Досаев жұмыс істеп жатқанына бес-ақ ай болғандықтан, үш себепті атай алмайтынын айтты.
«Уақыт өз төрелігін айта жатар. Ал қала менің жұмысыма баға беріп, Досаевтың өз ізашарларынан несімен жақсы екенін айта жатар», — деді ол.
Әкім Алматыдағы жұмысы өзіне зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Себебі ол осы қалада туып-өскен және оның дамуына өз үлесін қосқысы келеді.
«Мен әлі жолдың басындамын және берген уәделерімді орындаймын деген үміттемін. Бірақ егер маған уақыт берсе, өз қалам үшін көп нәрсе жасағым келеді. Бұған менің тәжірибем жеткілікті және белгілі бір талантым бар деп санаймын. Мұның бәрін туған қаламды дамыту үшін пайдаланғым келеді», — деді қала басшысы.
Досаев әкім қызметінде жақсы жұмысымен есте қалғысы келетінін айтты.
Оқи отырыңыз:
- Он адам ұсталды: ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізді
- Әркім тіс күтімін құнттауы тиіс
- Елорда көшірілгелі астаналықтардың саны төрт есеге өсті