Джокович жаңа рекорд орнатты

Фото: pixabay.com

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Джокович 47-ші рет «Үлкен Дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты.

Осылайша ол карьерасын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерден озып, осы көрсеткіш бойынша жалғыз теннисші атанды.

Джокович US Open жарысында 13-ші рет жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда әлемнің 9-ракеткасын, америкалық Тейлор Фрицті жеңді.