Басты бет Қоғам Еңбек министрі ең төменгі жалақы қашан және қаншаға өсетінін айтты

Еңбек министрі ең төменгі жалақы қашан және қаншаға өсетінін айтты

2023 жылға қарай елдегі ең төменгі жалақы орташа еңбекақының 30 процентінен кем болмайды және ол 70 мың теңгені құрайды. Үкімет алдына осындай міндет қойып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«2023 жылдың басында ең төменгі жалақы елдегі орташа еңбекақының 30 процентінен төмен болмауы керек. Біз қазір соған келе жатырмыз. Біздің болжамымыз бойынша, егер 2023 жылы орташа жалақы 224 мың теңге болса, онда ең төменгі еңбекақы 70 мың теңгеден асуы тиіс», — деді Нұрымбетов мәжілістегі кездесуден кейін.

Айтуынша, қазір ұлттық экономика және еңбек министрліктері бюджет шығындарын ескеріп, ең төменгі жалақыны кезең-кезеңмен арттырудың түрлі жолдарын қарастырып жатыр.

«Жақын арада бәрін есептеп, үкіметте келіскеннен кейін халықты құлақтандырамыз. Ең төменгі еңбекақыны 2020 жылдың шілдесінен бастап көтеруді жоспарлап отырмыз», — деді ол мәжілістегі кездесуде.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ең төменгі жалақы мөлшері бойынша айтарлықтай артта қалып отырғанын мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы тұрғындардың нақты кірісін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...