БАҚ өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен айына қанша жалақы алатынын сұрады. Белгілі болғандай Біржан Нұрымбетов айына шамамен 1 миллион теңгеге жуық айлық алатын болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Министрдің сөзінше, оның нақты айлық табысы 900 мың теңге.
Айта кетейік, Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін 2019 жылдың жаз айынан бері басқарып келеді. Ол өткен жылы бұл қызметте еліміздің вице-премьер-министрі Бердібек Сапарбаевты алмастырған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін өзінің қанша жалақы алатынын Нұрымбетовтің орынбасары Ақмади Сарбасов та айтқан болатын.
Вице-министрдің мәліметінше, оның жалақысы басқа вице-министрлердің жалақысынан ерекшеленбейді. Яғни айына – 650 мың теңге алады екен.
Айта кетейік, өткен жылы өңір мен мегаполис әкімдері айына қанша жалақы алатынын жаппай жариялаған еді.
Мәселен Солтүсік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айлық табысы 766 мың теңгені құраса, Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетовтің жалақысы 762 мың теңге.
Ал Алматы шаһарының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айына 850 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласының басшысы Алтай Көлгіновтің 762 мың теңге алатыны белгілі болған.
Оқи отырыңыз:
- ШҚО-да орман шаруашылығы инспекциясының бірнеше қызметкері ұсталды (видео)
- Рудныйда кәсіпорын директоры пара берді деп күдіктелуде
- Ресейде Қазақстан ішкі істер министрлігінің подполковнигі өлі табылды