«Еңкілдеп жылай бердім»: Сәби сүйе алмай қиналған оралдық келіншек жан сырын ақтарды

141
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ақгүлдің жеке мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Ақгүл Жасұланқызы — үш жылдан бері сәби сүйе алмай қиналған аналардың бірі. Бүгінде екінші сәбиін күтіп отырған ол нәрестелі болу үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмағанын айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлердің басым бөлігі оның ана болатынына күмән келтірсе де, Ақгүл ешқашан үмітін үзген емес. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол балалы бола алмай жүрген аналарға ақыл-кеңесін айтты.

«21 жасымда тұрмыс құрдым. Ақ босаға аттаған әрбір келіннің арманы бала сүю емес пе? Бұл арман мені көп күттірді. Үш жыл бойы сәби сүйе алмай, талай жердің табалдырығын тоздырдым. Расында, менен де көп уақыт бойы нәрестелі бола алмай жүргендер бар шығар. Бірақ үш жылдың өзі мен үшін үлкен мерзім еді. Қазір, Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Ұмай ана Анар апаның дұғасынан соң аяғым ауырлағанын білдім.

Ең алдымен өзім қаралатын мемлекеттік емханаға бардым. Олар қолдарынан ештеңе келмейтінін айтып, бірден ақылы дәрігерлерге шығарып салды. Ал ақылы емханаларда әртүрлі диагноз қойып, бар ақшаны қағып алғаннан басқа түк істеген жоқ. Тіпті, бір дәрігер менде гормон жұмысының бұзылғанын айтып, 10-15 жыл бала көтере алмайтынымды айтты. Бұл кездегі менің жағдайымды ешкімнің басына бермесін», — дейді ол.

Ақгүл сәби сүйсем деген арманмен дәстүрлі медицина өкілдері мен емшілерге де барған. Ешкімнен нәтиже шықпаған соң Instagram желісінде танымал Ұмай ана – Анар апаға көрінуді жөн санапты. Бірақ талай адамнан беті қайтқан ол алғашында емшіге мүлде сенбейді.

Фото: KAZ.NUR.KZ/Ақгүлдің жеке мұрағатынан

«Жұмыстағы апайымның айтуымен Instagram желісінен Анар апаны тауып алдым. Бірақ көпке дейін қабылдауға келуге жүрегім дауаламай жүрді. Себебі, талай дәрігер мен емші бетімді қайтарған соң, тағы да сағым сынатын шығар деп қорықтым. Көпке дейін желідегі келіншектердің пікірін, Анар апаға айтқан алғысын оқып жүрдім. Ақыры сенім пайда болды да, қабылдауға келдім. Апай жылы қабылдап, емін жүргізді.

Құдайдың құдыреті осы шығар, наурыз айында емделіп, сәуір айында жүкті екенімді білдім. Бұл қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Жүкті екенімді білгенде жолдасым екеуіміз еңкілдеп жылай бердік. Қанша уақыт пен қаншама қаражатты жоғалтпай, жүйкемізді жұқартпай бірден Анар емшіге келмегенімізге өкіндік алғашында. Бірақ бәрі де Алланың қалауымен емес пе? Бәріне шүкірлік етеміз. Анар апайға алғысымыз шексіз!», — дейді келіншек.

Бүгінде Ақгүл мен жұбайы — он айлық қыз баланың ата-анасы. Жақында ол өзінің тағы да жүкті екенін білген. Ақгүлдің айтуынша, сәби көтере алмай жүргенде ата-ене мен күйеуіңнің қолдауы өте маңызды.

«Бала көтере алмай жүрген әрбір келіншектің жағдайын жақсы түсінемін. Мұндай қиын кезде жас келінге жан-жағынан қолдау керек. Қуанышқа қарай, менің ата-енем де, жолдасым да бала сүйе алмай жүргенімді бетіме басқан емес. Асықтырған да емес. Осы мақаланы оқыған жандар болса, жаратқаннан күдер үзбей, уақытылы ем алуға шақырамын. Бір-бірлеріңізге қолдау көрсетіңіздер», — дейді ол.

Оқи отырыңыз: