Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа КСРО құрамында болмаған елдер кіруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Қазақстанға келіп, «Қазақстан мен Ресей. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары» атты конференцияға қатысқан РФ премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Еуразиялық экономикалық одақтың артықшылықтары туралы айтты.
«Біз ешкімді ештеңеге мәжбүрлеп жатқан жоқпыз. Жиі айтылып жүргендей, ЕАЭО Ресейдің өңірді оқшаулауға және Кеңес Одағын қалпына келтіруге деген ұмтылысы емес», — деді Алексей Оверчук Еуразия ұлттық университетінде өткен конференцияда.
Ол ұйым тәуелсіз елдердің дамуына бағытталған оң экономикалық күн тәртібін ұсынатынын айтты. Одаққа мүше мемлекеттер бір-бірінің мүдделеріне мән беріп, осы мүдделерді түсінуге және қабылдауға тырысады.
«Шетелдік әріптестеріммен сөйлескенде ЕАЭО-да шешім қабылдаудың барлық деңгейінде мәселелер консенсус арқылы шешілетініне сенімсіздік білдіріп жатады. Алайда мұнда тіпті ең кішкентай елдің дауысы ең үлкен елдің дауысымен бірдей. Егер кем дегенде бір ел өзінің мүддесі ескерілмеді немесе еленбеді деп есептесе, ешқашан шешім қабылданбайды, бұл мүмкін емес», — деп сендірді Оверчук.
Оқи отырыңыз:
- Украинадағы соғысқа байланысты ВИЧ және құрт індеті көбеюі мүмкін
- «Бұған армия ғана кінәлі емес»: Қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді
- Қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жазаға тартылады — заң жобасы